«Тәуелсіз Қазақстан тарихы» онлайн тесті

Құрметті "Тәуелсіз Қазақстан тарихы" онлайн тестінің қатысушылары!
Бұл онлайн жоба Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты мен ҚР жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлар Кеңесімен бірлесіп жасалды. Ұсынылған 30 сұраққа жауап беру қажет. Әр сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы бар.

1. Қазақстанның тәуелсіз дамуы тарихының бастауы қай датамен байланысты?
2. Қазақстан дамуының тәуелсіз жолын анықтаған құжат қалай аталады?
3. Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қашан қабылданды?
4. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып қай мемлекет мойындады?
5. Қазақстан құрлықта неше мемлекетпен шектеседі?
6. Қазақстанның мемлекеттік билік формасы қандай?
7. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қай жылы қабылданды?
8. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің жалғыз көзі кім болып табылады?
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттк Елтаңбасы мен Мемлекеттік Туы қай жылы бекітілді?
10. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілінің мәртебесі қандай?
11. Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигоны н жабу туралы Жарлығы қашан қабылданды?
12. Қазақстанның астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына (қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қ.) ауыстыру туралы шешім қай жылы қабылданды?
13. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы қашан шығарылды?
14. Алматы қаласындағы Республика алаңында Тәуелсіздік монументі қай жылы ашылды?
15. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты?
16. Қазақстанға басқа елдерден қоныс аударған этникалық қазақтардың атауы 2020 жылы қандай терминмен ауыстырылды?
17. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қазақстан халқына «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» Жолдауын қай жылы жолдады?
18. Қазақстан халқы ассамблеясы қай жылы Конституциялық мәртебеге ие мекемеге айналды?
19. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі лекциясында қандай интегративті идея айтты?
20. Қазақстанның қай қаласы ресми түрде Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие?
21. Шикізат секторы ұйымдарынан түскен жарналар есебінен құрылған және сыртқы қолайсыз экономикалық факторлардан қорғайтын тұрақтандырушы функцияларды орындайтын қор қалай аталады?
22. «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында», «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламалары тиісінше қай жылдары қабылданды?
23. Тәуелсіз Қазақстан қай жылы Олимпиада ойындарында алғашқы «алтынға» ие болды?
24. Қазақстанның алғашқы мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы қай жылы қабылданды?
25. «Менің Қазақстаным» әні қай жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны болып бекітілді?
26. Қазақстан Республикасының екі палаталы Парламентін қалыптастыру туралы шешім қай жылы қабылданды?
27. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қай консультациялық-кеңесу органы Қазақстан Республкасындағы билік пен қоғамға арналған «алаң» болып табылады?
28. 2019 жылғы ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан БҰҰ мүше қанша елмен дипломатиялық қарым-қатынаста?
29. 2010 жылы Қазақстанда қандай ірі сыртқы саяси шара өткізілді?
30. Қазақстанның қанша қаласында 1 миллионнан астам адам тұрады?
Барлық сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз
Сұрақтар: 30-дан 3