Әбдік Төлен

Литература

04.09.1942,

Қостанай обл.

Жазушы,

драматург

Халықаралық Кафка сыйлығының және

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

 «Парасат майданы».

Повесть

Қазақ әдебиетіне өткен ғасырдың 60-70-жылдары келген көрнекті қаламгер Төлен Әбдік шығармалары адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштік сынды қасиеттерге толы. Жазушы туындыларындағы тұлғаның екіге жарылуы сияқты терең психологизм  қазақ көркем прозасындағы ерекше жаңалық еді. «Парасат майданы» - жазушының адамзатқа бағытталған жанайқайы; өмірдің тылсым сырына үңілген жанның өзгелерге айтар өсиеті. Қаламгердің бұл психологиялық тереңдікпен суреттелген философиялық шығармасында адамзат болашағы, гуманизм мәселелері басты мәселе болып көтерілген.  Автор ақсылық пен жамандықтың, жауыздық пен мейрімділіктің бітпейтін майданында парасаттың жеңіске жетуіне сенім білдіреді. «Парасат майданы» повесін әдеби орта мен  оқырман қауым үлкен жаңалық ретінде қабылдады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора