Адай Сабыр Шеркешбайұлы

Литература

30.09.1960, Қарақалпақстан, ӨР

Ақын

ҚР Президенті сыйлығының иегері

«Алтынзер» өлеңдер жинағында елдік мәселелер жырланып, ата шежіресі мен ана тілі, тарихтың қилы тезінен өткен қазақ тағдыры, ұлт берек-бірлігі, адами қасиеттер мен имандылықтың асыл арналары ой безбеніне салынады. Даланың жұпары, құт дарыған жеріміздің киесі, еліміздің иесі болған тарихи тұлғалар, руханият алыптары  жырланады. Жыр жинағы зерделі де ойлы оқырмандарын елін сүйіп, ата салты мен дәстүрін қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге шақырады. Сабыр Адай – қазақ поэзиясында өзіндік үні бар ақын. «Таңғы нөсер», «Кетемін көкке жұлдыз боп», «Жұмбақ түннің жылуы», «Әр қазақ – менің жалғызым», «Қазақстан - жалғыз ұлы қазақтың», «Серттесу» (таңдамалы), «Алтынзер» (ұлт пен ұл) өлеңдер жинағының авторы. Таңдаулы шығармасы Қазақстанның соңғы 200 жылдағы таңдаулы елу ақыны шығармаларының алтын қорына енгізілді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Алтынзер»      
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес