Әнес Сарай Төлендіұлы

Литература

21.11.1937,

Астрахан обл., РФ

Жазушы, драматург, зерттеуші

«Ноғайлы».

Тарихи-танымдық кітап

 

Әнес Сарай – қазақ халқының тарихына, елдің шежіресіне, тұлғалардың өміріне қатысты қалам тербеп жүрген жазушы. Оның қаламынан туындаған «Тосқауыл», «Алтын арал», «Еділ-Жайық» романдарына Астрахан алқабы мен Атырау өңірі халқының өмірі, тыныс-тіршілігі арқау болған.

Ноғайлы дәуіріне қатысты ғылыми-зерттеу еңбегі көшпелі халықтың тарихы мен мәдениетін жаңаша көзқараспен бағамдайды. Ноғайлы жұрты Қырым, Астрахань, Қазан, Сібір, Қазақ хандықтарының нақ ортасында орналасқандықтан, төрт тараппен тығыз қарым-қатынаста болған. Автор Ноғайлы жұртының кейбір жылдары Қазан хандығы жерінде немесе қазақ арасында отырғанын ескере отырып, олардың шекарасы туралы тұжырымдар жасайды. Ноғайлар мен қазақтардың түбі бір халық екеніне баса назар аударады. Ел арасындағы аңыз-әңгімелер мен  қазыналы шежірелерге сүйене отырып, екі елдің тарихи, мәдени, әдеби мұраларын бірге қарау қажет екенін айтады

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора