Балғабаев Сұлтанәлі

Литература

26.05.1946, Қызылорда обл.

Жазушы, драматург.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Біз де ғашық болғанбыз» драмасы - жаңа толқынды пьеса, махаббат, отбасындағы қарым-қатынас жайлы мәселені қозғайтын туынды. Пьессаның басты кейіпкерлері Дәукеш пен Зияда кезінде бір-біріне  ғашық болған, бірақ намыс, қызғаныш және  сатқындық екеуінің айырылысуларына әкеліп соққан. Айырылысып біраз жылдар өткеннен кейін, «Сүйгеніңнең айырылмау керек» деген шындықты түсінген. Шығарманың тәрбиелік маңызы жоғары. Сұлтанәлі Балғабаев – қазіргі казақ әдебиетіндегі көрнекті жазушы-драматург. Қаламгердің «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ең әдемі келіншек», «Қыз жиырмаға толғанда», «Қазақша күрес», «Жамбала, Мико және қасқыр», «Біз де ғашық болғанбыз», «Ғашықсыз ғасыр», «Әйелдер әлемі» пьесаларында өмір шындығының сан түрлі мәселелері камтылған. Жазушының пьесаларында қазіргі заманғы отбасылық-тұрмыстық өзекті мәселелер драмалық, трагедиялық, комедиялық сипаттар тұтастығымен бейнеленген.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Драма «Біз де ғашық болғанбыз»  
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес