Бөдешұлы Жәркен

Литература

15.05.1944, ҚХР, Тарбағатай

Ақын. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері

«Бөрінің асығы». Өлең жинағы

Танымал ақын Жәркен Бөдешұлынын туындылары мазмұны жағынан ерекше. Жинаққа енген өлеңдерден таза шынайылық пен ұлттық рухтың лебін сезуге болады. Ақын тәуелсіздік алған кезеңде жазған жырларында жыраулар поэзиясына еліктей отырып, ой өрбітеді. Сондықтан “Бөрінің асығы” атты жинағында дәстүр мен жаңашылдықты арқау еткен шығармашылық сабақтастық байқалады.

«Күлтегін жортып келеді» атты өлеңі түркілік рухта жазылған. Ақын қазақтың шыққан тегін көкбөріге апарып телиді, халықтың рухын көтеру үшін көкбөрі образын қолданады.

“Бостандықтың басы” атты поэмасында да ақын қазақы азамат болмысын “көкжалға” теңейді. Мақсаты – ұлтының жоғалтқанын іздеу, табу. Шығарманың мазмұнын ашуда  ақын “көкжал” ұғымын еркін қолдана білген. Жанары шоқтай жанған көкжалды жорыққа шығарып, дүниені шыр айналдырады. Ұлт еркіндігі мен азаттығын сақтар ұландарды көкжалдай айбынды, еркіндікті сүйгіш, қуатты болуға шақырады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора