Досанов Сәбит

Литература

12.01.1940, Қостанай обл.

Жазушы,драматург, сыншы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«ХХ ғасыр» трилогиясына қазақ халқының өткен ғасырдағы өмірі мен тағдыр-талайы арқау болған. Трилогия “Қылбырау”, “Ұйық”, “Тұйық” атты кітаптардан тұрады. Алғашқы романында патшалық Ресейдің отары болған қазақ халқының тағдыры, шұрайлы жерінен айрылған жайы, Алаш қозғалысының ұлтты оятқан ұлы идея болғандығы, жалпы ХХ ғасыр басында орын алған аласапыран тарихи оқиғалар көркем бейнеленген. Трилогияның келесі кітаптарында ХХ ғасырда қазақ ұлтының басынан кешкен ауыр да азапты жылдары баяндалған. Үшінші кітабы “Тұйық” қазақты қан жылатқан 1937 жылғы зобалаңмен басталып, одан кейінгі соғыс қасіреті, тың игеру кезіндегі оқиғалар, қазақ даласының сынақ алаңына айналғаны, қазақ жерінің тұтастығы жолында күрескен қайсар тұлғалар ерлігі суреттеледі. Шығарма тарихи оқиғаларға негізделген. Онда Ә.Бөкейхан,  Е.Бекмаханов, Ж.Тәшенов, О.Сүлейменов сынды қазақ халқының біртуар азаматтары аталады. Ақыры 1986 жылғы қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі Кеңес империясының ыдырауына алып келгендігі, тәуелсіздіктің таңы атқандығы көркем суреттеледі.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Трилогия «ХХ ғасыр» 
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес