Елеукенов Шерияздан Рүстемұлы

Литература

03.09.1929,

Шығыс Қазақстан обл.

Әдебиеттанушы,мемлекет және қоғам қайраткері

«Мағжан». Монография

Шерияздан Елеукенов – қазақ әдебиеттану ғылымына орасан зор еңбек сіңірген ғалым. ХХ ғасыр басындағы Алаш азаматтарын ақтау ісіне, олардың әдеби шығармаларын қайта жарыққа шығаруға және зерттеуге айтарлықтай үлес қосты. Ғалымның М.Жұмабаевтың шығармашылығына арналған «Мағжан» атты монографиясын ақын өміріне қатысты мұрағаттық тың деректер негізінде жазды. Ақын шығармашылығын Алаш зиялыларының еңбектерімен байланыста қарап, тәуелсіз еліміздің рухани тірегіне айналар тарихи орнын анықтайды.

Монографияда ақын жырлаған отаншылдық, еңбексүйгіштік, түркішілдік, ерлік пен бірлік идеяларына ерекше мән беріледі. Өлеңдердің құрылысына, көркемдігіне, бейнелеу ерекшеліктеріне, образ жасау стиліне тоқталады. М.Жұмабаевтың қазақ поэзиясына әкелген жаңашылдығына назар аударады.

Ш.Елеукенов - Тәуелсіздік заман әдебиеті туралы жүйелі мақала, зерттеу жазып тұратын аға толқын әдебиеттанушы.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Монография «Мағжан»