Исабеков Дулат

Литература

20.12.1942,

Оңтүстік Қазақстан обл.

Жазушы,

драматург

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Ай-Петри ақиқаты».

Повестер мен әңгімелер жинағы

ХХ ғасырдың 60-жылдарынан қазақ прозасының дамуына үлкен үлес қосқан қаламгерлер   қатарында  ерекше  орны  бар жазушының бірі – Дулат Исабеков. Айналадағы күнделікіт құбылыстар қаламгердің құнарлы да қарапайым тілімен өрнектелген туындылардың негізгі арқауына айналған. Арнасынан аспай,  уытты мысқыл, орынды әзілмен қысқа да жинақы жазылған әңгіме, повестерінде адам өмірі, табиғи тазалық, адамгершілік, қазақы мінез, қоғамдық өзгерістер шынайы суреттелген. «Ай-Петри ақиқаты» – парасатты прозаның үлгісі. Жазушы қаламынан туған шығарма қайта құру мен тәуелсіздіктің арасындағы   кезеңнің шындығын суретті сөз, қоғамның бел ортасында жүрген кейіпкер әрекеті мен мінез-құлқы арқылы оқырманға жеткізеді.

Жазушының бұл кітабы Тәуелсіздік жылдары оқырманды ойлантты, шыңдады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора