Қабанбай Марат

Литература

22.03.1948, Шығыс Қазақстан обл. – 26.04.2000, Алматы

Жазушы, публицист

Андерсен атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты

«Жиһангез Тити».Әңгіме 

Марат Қабанбай – ХХ ғасырдың 80-90 жылдары қазақ әдебиетінің, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер прозасының дамуына айрықша үлес қосқан дарынды қаламгер. Жазушының шығармашылық психологиясы мен көркемдік әлемі сөз өнерінде жаңашылдығымен, айрықша рухани энергетикасымен оқшауланды.

«Жиһангез Тити» әңгімесі арқылы жазушы бала қиялының ұшқырлығы мен тазалығын паш етті. Бес жасар Таймас-Титидің бір күндік саяхатын бейнелей отырып, сүйіспеншілік, мейірім сынды ұғымдардың өзегіне бойлайды.  Титидің кіршіксіз тәтті қиялымен әрбіріміздің маңайымыздағы адамдарға деген көзқарасымызды қайта қарауға итермелейді. Әңгіме адамды сүюді ешбір күрделі ұғымдарсыз ақ күнделікті жасауға болатын іс екенін шебер көрсетеді.

Автор да өз өмірінде  мынау дүниеге көзінің сұғын өзінің кішкентай Титиі секілді белгісіз бұрыштан ерекше әсермен қарайтын. Ел егемендігін алар тұста Марат Қабанбай мемлекеттікті, тәуелсіздікті қанымен, жанымен сезінген көптеген мақалалар жазып, көсемсөздігімен де танылды.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора