Кәпұлы Дәулеткерей

Литература

09.08.1977, Монғолия Баянуур сұмыны

Ақын.

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері.

«Терісбұрау» өлеңдер жинағы тарихи арналардан бастау алып, көне кезеңдерден сыр тартып, бүгін мен болашақты сабақтастықта көрсететін өршіл рухты, өрнекті өлеңдер топтамасынан тұрады. Тақырыптық арнасы кең. Баяндау мен суреттеу  мүмкіндіктері  мол. Тақырыпты кең түрде ашып, арғы-бергі тұстарды  молынан қамтып, оны еркін қиял мен көркемдік арналары арқылы жүйелі жеткізеді. Ақын Дәулеткерей Кәпұлы - айтыс пен жазба поэзияны қатар алып келе жатқан ақын. «Сүтті іңір» (2007), «Бүлдірген ағып түскенше» (2011), «Шертолғақ» (2013) атты жеке жыр жинақтары жарық көрген. Өлең кітабындағы Алтай мен Қобда арасы, Алатау мен Тарбағатай көріністері, дәстүр мен сабақтастық, тарих пен таным, тәлім-тәрбие арналары, өмір мәні, дала дидары, тұрмыс суреттері жан-жүрек тебіреністерін, көңіл толқынын, қалам қуатын кең түрде көрсетеді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Сборник стихов   «Терісбұрау» 
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес