Қыраубаева Алма

Литература

26.05.1947 – 05.02.2001,

Қызылорда облысы

 

 

Әдебиеттанушы

 

 

Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері

“Ежелгі  әдебиет”.

Зерттеу

      Профессор Алма Қыраубаева қазақ әдебиетінің ерте дәуірін, оның ішінде Түркі қағанаты кезеңінен - Алтын Орда дәуіріне дейінгі ескерткіштерді, Ежелгі әдебиет мәселелерін, қисса жанрының табиғаты мен ерекшеліктерін кеңінен қарастырды.

      Профессор А.Қыраубаеваның «Ежелгі әдебиет» (2001) атты  еңбегінде арғы арналардағы аңыз-әңгімелерге, көне жазу-сызулар сырына мән беріледі. Түркі қағанаты тұсындағы-Көкбөрі аңыздары мен Орхон ескерткіштері, Қорқыт мұрасы, Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, Ж.Баласағұн, М.Қашғари т.б. өмірі мен шығармашылығы кең түрде орын алады. Одан кейінгі кезеңдердегі – «Махаббатнаме», «Қисса Жүсіп», «Хұсрау уа Шырын» туындылары, Алып-Ер Тұңға, Тұмар патшайым, Мөде батыр, Зарина сұлу т.б. туралы дереккөздері мен кезең көріністері,тарихы мен тағдырлары нақтылы талдаулар негізінде жүйелі жеткізіледі.Түркі әдебиетінің тарихы мен оны дәуірлеу жөніндегі көзқарастары, сақ, ғұн кезеңі мен  «Авеста», «Гильгамеш» кітаптарындағы ортақ сарындар туралы ой-пікірлері  де ғылыми негіздерімен,өзіндік баяндау,талдау мәнерімен  назар аудартады.

      А.Қыраубаева жыр жампозы Ж.Жабаевтың ән-термелерін жинақтап,оны өзі орындап, Қазақ радиосы арқылы қалың көпке жеткізді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора