Қондыбай Серікбол

Литература

14.03.1968, Маңғыстау обл. – 2004, Маңғыстау

Өлкетанушы, мифолог зерттеуші

Серікбол Қондыбай  аз ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған, этнография мен археология, география мен ономастика, агиография мен теология, эпос пен тарих, мифология мен философия деректерін салыстыра зерттеп, қазақ мифтануының қалыптасуына мейлінше үлес қосқан адам. Зерттеуші еңбектерінің деректік, пайымдық құндылықтары  зор.

«Қазақ мифологиясы» атты ғылымға ерекше үлес қосқан дарын иесі шалғайдағы Шетпе кентінде он жылға жуық төсекке таңылып жатып, ғылыми ортаны елең еткізер оннан астам кітап жазды. Ғалымның «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі», «Қазақ мифологиясына кіріспе», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Есен-Қазақ», «Эстетика ландшафтов Мангистау» сынды тың идеялы еңбектері және төрт кітаптан тұратын «Арғы қазақ мифологиясы» атты кешенді, іргелі зерттеуі - қазақ қоғамтану ғылымындағы соны қадам, үлкен үлес.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора