Қуантайұлы Нұржан

Литература

22.01.1971, Шығыс Қазақстан обл.

Жазушы,ақын,зерттеуші. 

«Қараөзек» романы - қазіргі қазақ прозасының басты жетістігі санатындағы роман. Туындыға 1986 жылғы желтоқсандағы ұлттық бұлқынысты аяусыз басып-жаншыған қорқау қоғамда орын алған өмір шындығы арқау болған. Романның «Тар жерде», «Қияда», «Қаза» тарауларында жазықсыз айыпталып, заңсыз сотталған Хақназар тағдыры арқылы елдік сезімі асқақ қазақ жастарының ерлігі мен өрлігі суреттеледі. Ұлттық мүддеге адалдық танытқан қайсар жанның ар-ұждан тазалығы бейнеленген. Нұржан Қуантайұлы - сан салалы әдеби-ғылыми-шығармашылық ізденісімен ерекшеленіп жүрген тұлға. «Адырна» өлеңдер жинағы ақындық қырын танытса, «Алаш Орда баспасөзi және Жүсiпбек Аймауытұлы» зерттеуі ғылыми қарымын көрстетеді Проза саласында «Қолшатыр», «Қараөзек», «Күмбір» кітаптарымен көпшілік құрметіне бөленді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Роман «Қараөзек» 
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес