Раушанов Есенғали

Литература

05.10.1957, Қарақалпақстан, ӨР

Ақын

Халықараралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Періштелер мен құстар» өлеңдер жинағы. Есенғали Раушанов – ұлттық поэзияға көркемдік-бейнелілік, танымдық, пішіндік тұрғыда үлкен жаңалық әкелген көрнекті ақын. Халықтың тағдыр-талайы, атамекен, ел мен жер  туралы көркемдік қуаты ерекше өлеңдерімен қатар, адам жанының нәзік қалтарыстарын табиғат құбылыстарымен қабыстыра жырлаған лирикасы қазақ өлеңін жаңа сапалық биікке көтерді. Бағзы замандардан бүгінге дейін желі болып тартылған үйлесімді де ырғақты сөздерді, шығыс поэзиясындағы әсем нақыш пен сұлу суретті, батыс поэзиясындағы астарлы ой мен философиялық байламды шығармашылық көрігінде қорытып, жаңа бейне, тың сурет туындатқан  ақынның суреткерлік шеберлігі әр туындысынан көрінеді. Өлеңді жаңа әр, өзгеше бояумен түрлендіре отырып, тың ой туындатқан ақын шығармашылығы қазақ поэзиясының зор мүмкіндігін танытты.  Ақын өлеңдері жастар арасында көп оқылады. Өлең сөзде өзіндік өрнегімен ерекшеленетін ақынның бұл жинағына оқырмандар мен әдеби орта жоғары бағаланған үздік өлеңдері енген.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Періштелер мен құстар» 
Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес