Сарин Қалқаман

Литература

02.01.1978, Шығыс Қазақстан обл.

Ақын, тележүргізуші

“Алтын қалам” әдеби сыйлығының жеңімпазы

«Құс жолындағы керуен» өлеңдер жинағына енген ақынның өлеңдері нәзік те сазды, сыршыл иірімдерімен, ой мен сезім үндескен әсем үйлесіммен ерекшеленеді.Қалқаманның жаңа жинағына енген өлеңдері -тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан сан-салалы, көркемдік бітімі келіскен туындылар. Кітапта Алла есімін ұлықтаудан бастап, ар-ұят, иман, адамгершілік, махаббат, туған жер, ауыл тағдыры, ел мен жер тақырыптары қамтылған. Айтарын жыр тілімен кестелеп айта білетін ақынның өз бойындағы сабырлылық пен тереңдік, сырбаздық пен ізеттілік өлеңдеріне мінез болып көшкен. Жас қаламгердің поэтикалық кеңістігі өзіндік бояу, астарлы ой, риясыз сезімге толы. Ақынның жүректің нәзік қылын шертетін өлеңдері қалың оқырман арасына тез таралып, жастардың жатқа оқитын туындыларына айналған. Қалқаман Сарин – қоңыр мұңға құрылған мөлдір лирикасы арқылы көпшіліктің жүрегін жаулаған ақын.  

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихотворений «Құс жолындағы керуен»   

Прежде, чем отдать голос за кандидата, необходимо авторизоваться.
Электронный адрес должен быть в доменной зоне google, yandex, mail.ru.
Введите вашу электронную почту. Инструкции придут на указанный адрес