Сәрсенхан Батырхан

Литература

28.03.1995,

Оңтүстік Қазақстан обл.

Ақын

Халықаралық Шабыт фестивалінің гран-при иегері

«Мейірім ғаламшары» өлеңдер жинағы

Қазіргі қазақ поэзиясында, соның ішінде жастар поэзиясының жарық жұлдызына айналған жас ақындардың бірі – Батырхан Сәрсенхан. Оның өлеңдері көңілдің күдігін түріп, үмітін оятып, көзін ашады.

Жаңалыққа жаны құмар автордың «Мейірім ғаламшары» – тәуелсіз әдебиеттің жаңа бағытының бір арнасы іспетті. Жан мен рухты, көк пен жерді, махаббат пен мейірімді, ізгілік пен жақсылықты өлеңдерінің арқауы етіп алған жас ақынның айтар ойы да, асқақ үні де өз замандастарынан даралап тұрады.

Көңіліне түйгенін жан тербер сезіммен, сырлы сөзбен жырлайтын ақынның ізденісі үздіксіз, талпынысы тынымсыз екені аңғарылады. Дәуірлер мен ғасырлардан өз бағасын күтетін жас толқынның шабыт шыңына шығармашылыққа деген адалдығы, әдебиетке деген махаббаты жеткізер.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора