Сейдімбек Ақселеу

Литература

12.12.1942, Қарағанды обл. – 16.09.2009, Астана

 

Жазушы, Этнограф

«Қазақтың күй өнері». Монография

Жазушы, этнограф, күй өнерін зерттеуші ғалым Ақселеу Сейдімбек мұрасы ұлттық рухани жаңару мен жаңғыруда үлкен мәнге ие. Оның көркем шығармаларында ұлттық өнер мен өнерпаз тұлғалар тағдыры айшықты тілмен әсерлі суреттелген. Ғылыми-танымдық еңбектерінде байырғы қазақ мәдениеті мен синкретті өнерінің (сөз өнері, қол өнері, ән-күй өнері) көшпелілер эстетикасымен тамырласып жатқаны тарихи, археологиялық және этнографиялық деректер негізінде қарастырылды.

«Қазақтың күй өнері» зерттеуінде қилы кезеңдер тезінен өткен қазақ мәдениеті мен өнерінің ғасырлар бедеріндегі жасампаздық рухы зерделенген.  Қазақтың музыкалық мәдеиетіне қатысты эмпирикалық материалдар алғаш рет қамтылып, халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы, асыл мұрасы жан-жақты сараланды. Терең тамырлы қазақ күй өнері этнографиялық тұрғыдан қарастырылып, күй аңыздар, халық күйлерінің аңыздары, байырғы және жаңа заман күйшілеріне қатысты құнды мәліметтер байыпталған

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора