«Абай» операсы

«Абай» операсы

Шығарма туралы

Қазақстан музыкалық өнерінің көрнекті жетістіктерінің бірі– "Абай" операсы А. Жубанов және Л. Хамиди ұлттық композиторларымен құрылған.

Либретто авторы – Мұхтар Әуезов.

Операның жаңа қойылымымен қазақстандық-итальяндық шығармашылық ұжым жұмыс жасады:

Қоюшы-дирижері – белгілі қазақстандық дирижер, Қазақстанның еңбек Сіңірген қайраткері, композитор Ахмет Жұбановтың шөбересі - Алан Бөрібаев,

Қоюшы-режиссер – итальяндық режиссер Джанкарло дель Монако(театр әкімгері, атақты опера әншісі Марио дель Монаконың ұлы),

Кеңесші-режиссер – Қазақстанның Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты, "Парасат" орденінің иегері, профессор Есмұхан Обаев.

Операның көркемдік безендірілуін елордалық көрермендерге "Аққу көлі", "Ромео мен Джульетта", "Бақшасарай бұрқағы" және "Ұйқыдағы ару" атты қойылымдарымен белгілі итальяндық шеберлер орындады – қазіргі заманның көрнекті сценографы - Эцио Фриджерио және костюмдер бойынша суретшісі - Франка Скуарчапино.

Абай – ғұлама ақын, ағартушы, ұлттың рухани ұстазына айналған философ. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің операсында осы қуатты көп қырлы тұлғаның сезім тереңдігі мен ойының жоғары құрылымы ашылады. "Абай қазақ елі үшін өте маңызды болды. Ол жасампаздық қоғамдық-саяси және мәдени міндетін орындады. Ол әрқашанда болашаққа қарады, өз халқын ойлап әрі халқымен бірге болған...", – деп Джанкарло дель Монако атап өткен.

Негізгі орындаушылардың құрамы:

Абай – Қазақстанның Еңбек Сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин;

Ажар — Қазақстанның Еңбек Сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова;

Айдар – Мейір Байнеш;

Жиренше Шешен — Евгений Чайников;

Азим –Рамзат Балакишиев;

Көкбай — Талғат Ғалеев;

Қарлығаш — Татьяна Вицинская;

Сырттан — Армения республикасының Халық әртісі Барсег Туманян;

Нарымбет — Ерұлан Камел;

Мес — Нұрлыбек Коспармаков.

ҚР Еңбек Сіңірген Қайраткері, "Астана Опера"-ның бас дирижері - Алан Бөрібаев дирижерлық тізгін орнатты.

Бөлімдегі өзге туындылар Театр, кино және хореография

  • Мюзикл "Достар Серті"

  • Балет "Легенды Великой степи"

  • Балет "Алем"

  • Балет "Жусан"