Әбдірахманов Рахат

Әдебиет

17.01.1979, Қарағанды обл.

Ақын.

Қ.Аманжолов атындағы ақындар мүшайрасының бас жүлдегері

«Сағынуға болмайтынды сағындым...» өлеңдер жинағындағы өлеңдерінде табиғат суреттері, көңіл-күй толқыны, махаббат пен сүйіспеншілік, ақын болмысы, елдік қасиеттер мен батырлық рух, өткінші өмірдің өкініштері, ел мен жерге деген перзенттік сағыныш жырланған. Тәуелсіздік құндылықтарын бойына сіңіріп қалыптасқан ақынның өлеңдеріндегі елшілдік пен отаншылдық, әлем мен ел тағдырына жауапкершілік тақырыбы, сарыны оқырманды рухтандырып отырады. Рахат Әбдірахманов – қазіргі қазақ поэиясына қадам басқан жаңа толқынның айтулы өкілі. Ақынның «Әдемі менің әлемім», «Жанымның жазба нұсақасы», «Жүрегім» жыр кітаптарын оқырман жақсы қабылдады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Сағынуға болмайтынды сағындым...»