Әбілқасымов Болатжан

Әдебиет

08.04.1950,

Шығыс Қазақстан обл. – 14.03.2009, Астана

Фольклортанушы ғалым

«Қазақтың көне наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклоры».Монография

Болатжан Әбілқасымов – ғылымға өткен ғасырдың 70-жылдары келген фольклортанушылардың жаңа буынының  көрнекті өкілдерінің бірі.

Б.Әбілқасымов қазақ поэзиясының көне жанры – толғауды жан-жақты зерттеп, осы жанрдың дамуы мен өзіндік  ерекшеліктерін ұлттық әдебиеттану ғылымында алғаш талдап көрсетті.

Ғалымның ұлттық фольклортануға қосқан сүбелі үлесі – көне наным-сенімдерге қатысты ғұрыптық фольклорға қатысты зерттеуі. Ғұрыптық фольклордың танымдық астарына терең үңіле отырып, рухани-мәдени тарихымыздағы аталмыш жанрдың ролін көрсетеді. Наным-сенімнен туындаған ғұрыптық фольклор үлгілерінің қайнар көздерін зерделейді. 

Фольклор – ұлт руханиятының алтын діңгегі  ежелгі дүниетаным ретінде ғалымның зерттеулеріне арқау болды. Бұл тараптағы зерттеуі арқылы ғалым кеңестік кезеңде жабулы қалған өзекті тақырыпты қозғап, жанрдың танымдық мәнін, тұрмыстың бір бөлшегі ретіндегі  қызметін жүйелеп көрсетеді. Бұл еңбек - болашақтағы іргелі зерттеулерге бағыт беретін, ұлттық фольклортанудың арнасын кеңейткен құнды дүние

 

 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора