Ахметова Күләш

Әдебиет

25.04.1946, Жамбыл обл.

Ақын, аудармашы

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Құт» өлеңдер жинағына енген өлеңдер туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау еткен. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының темірқазығы.Ұлтының өткені мен бүгінін, келешегі мен кемелдігін ойлаған ақынның көңіл күйі әр тармағына сол қалпында көшірілгендей. Туған жер топырағы, маңдайынан сипаған самалын нәзік сезіммен жырлаған ақынның қыз сезімін мөлдірлікпен берген өлеңдері де оқушысын бейжай қалдырмайды. Лириканың қай арнасында болсын еркін қалам тербеген ақынның өлеңдерінің әрбір тармағынан нәзік сезімнің лебі еседі. Шынайылық иірімімен түзілген өлеңдер мәңгілік тақырыпты жырлағаны үшін де өміршең бола бермек. 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Сборник стихов  «Құт»  
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.