Айтұлы Несіпбек

Әдебиет

22.09.1950, Шығыс Түркістан

Ақын

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Арқатірек» поэмалар жинағы - ел мен жер тұтастығы, ұлт азаттығы үшін арпалысып өткен абадан ерлер мен қаһарман баһадүрлерге, көреген ел тұтқаларына көркем жырдан сомдалған мәңгілік ескерткіш. АБұл жинақ «Бас сүйектері», «Жасынның сынығы», «Найзағай», «Бөгенбай», «Бердіқожа», «Шақантай», «Қараөткел қырғыны», «Жер – жаннан қымбат», «Бәйтерек», «Көкала үйрек», «Ту», «Ақмола шайқасы» эпикалық поэмаларының заңды жалғасы. Мұнда халқымыздың қилы тарихы, ел мен жерге қорған болған, ұлтым деп өткен қаһармандардың, алып тұлғалардың көркем бейнесі сомдалған. Несіпбек Айтұлы – қазақ позиясының көркемдік дамуына зор үлес қосып жүрген сөз зергері. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Рухымның падишасы», «Мұқағали Желтоқсан», «Бәйтерек», «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Қартаймайды күн неге?», «Көз жасым», «Бөрітостаған», «Құланойнақ» ұлттық әдебиетке олжа салған ақынның өзіндік қолтаңбасын танытатын көркем туындылар.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов “Көз жасым”
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.