Әлімбек Қайрат

Әдебиет

6.06.1963 Алматы обл. – 23.09.2006, Алматы

Ақын, журналист.

Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты

«Намыс найзагері» өлеңдер жинағына ақынның туған елі мен жерін, өмір баспалдақтарын, адамзат тағдырын, көңілдің кейбір кездерін тақырып ететін жырлары енген. Оның өлеңдерінде өмірдің өзі сөйлеп тұрғандай әсер береді. Қайрат Әлімбектің өлеңдері биік таудың күнгей бетінен жылып аққан таза, мөлдір бұлаққа ұқсайды. Ол тасқындап, буырқанбайды. Баяу аққан қалпын бұзбай ағысы жылжыған сайын суы молайып, молайған сайын арнасы кеңейіп, арындап ағатын жырдың үлкен дариясына айналады. Оның «Тәу етер Тәуелсіздік», «Тіл туралы толғаныс», «Алаңдама, адамзат!», «Ел менің жанарымда», «Менің далам», «Сары дала. Бозторғай», «Бақытты күн», «Алтынға тең күміс», «Бабалар рухымен сырласу», «Ұлылық», «Қаныштың кілті» және т.б. өлеңдері мен «Батыр бел буғанда» балладасы ел мен жер, елдік пен батырлық туралы толғаныстан туған көркем дүниелер.  

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихотворений «Намыс найзагері»     
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.