Әлішер Әлімжан

Әдебиет

10.01.1994,

Оңтүстік Қазақстан обл.

Ақын

«Жүрек ғаламшары». Өлеңдер жинағы

“Поэзия мен əдемі өлеңдердің айырмашылығы – гүлзар мен əтір дүкенінің айырмашылығы секілді” деген тәмсілді Əлімжан Əлішер “Жүрек ғаламшары” жинағы еске салады. Оның өлеңдерінен дала гүлдерінің иісі шығады. Жаңбырдан кейінгі сезім. Бəйшешек, жауқазын, қызғалдақтар секілді. Ақын өлеңде өзіне өтірік айтпайды жəне өзгені де алдағысы келмейді. Ақылды болып көрінуге тырыспайды. Жалған ойға жоқ. Ойға бояу жақпайды, сезімге əтір сеппейді. Ол – шынайы лирик. Сол себепті де өлеңдері кісі көңілін толқытады, мұңайтады, ойлантады, шаттық сезімін сыйлайды. Жастықтың ұмытылған я жоғалтып алған тап-таза, тұп-тұнық шақтарына қайта оралтады. Өлеңдегі ойлары тікендей шошайып көрініп тұрмайды, сезіммен тамырласып, өзектесіп, бір топырақта өніп жатады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.