Амантай Дидар

Әдебиет

05.02.1969, Қарағанды обл.

Жазушы, философ

Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты

«Гүлдер мен кітаптар» әңгімелер жинағы интеллектуалдық прозадағы жаңашыл қадам.  Сан қатпарлы идеяларға құралған шығармаларында жазушы қазіргі өмір ағымы, руханият болмысы туралы ой толғайды. Кітап құрылымындағы автор өлімі, роман поэтикасы, адамзаттық рухани және кейбір материалдық құндылықтарға қытысты ой-толғамдарынан түзілген жекелеген мәтіндерді, интермәтіндердің қамтылуы туындының постмодернистік эстетикамен үйлесімін көрсетеді. Қатыбас қоғам тіршілігінен жаны түршіккен, ортасын жатсынған Әлішердің өмір мәні, болмыс құпиясы хақындағы толғаныстары барынша өзекті. Рухани құндылық – рухани жасампаздықтың, кісіліктің сарқылмас қайнары. Дидар Амантай – қазіргі қазақ прозасындағы постмодернистік бағыттағы қаламгер. «Тоты құс түсті көбелек», «Шайтан мен шайыр», «Мен сізді сағынып жүрмін» прозалық туындылары жаңа дәуір әдебиетінің көркемдік-эстетикалық жүйесінде жазылған.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Роман «Топшеңгел» 
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.