Әмір Тебенихин

Классикалық және дәстүрлі музыка

1977 жылы 1 шілдеде Мәскеу қаласында дүниеге келген. Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясында профессор Жәния Әубәкіровадан бір жыл дәріс алғаннан кейін Мәскеулік консерваторияға профессор Михаил Воскресенскийдің класына өтіп, оқуын1999 жылы тәмамдады. 2000 жылдың наурызында Әмір Тебенихин Мее-сюр-Сенде (Франция) 1 Халықаралық пианистер конкурсында жоғарғы марапатқа ие болды. Ол Халықаралық пианистердің бірнеше конкурсында: Хамаматсуда (Жапония, 2000), Женевада (Швейцария, 2001), Сендайда (Жапония, 2001), Визеуде (Португалия, 2002), королева Елизавета ат. конкурста (Бельгия, 2003), Ганновердегі Шопендік қоғамның конкурсында (Алмания) және Глазгодағы пианистер конкурсында (Шотландия, 2004), Панамадағы пианистердің Бірінші Халықаралық Конкурсында (2004) лауреат, сондай-ақ Теміртаудағы (Қазақстан) Пианистердің ұлттық конкурсында Бас Жүлде иегері және Ашхабадтағы (Түркіменстан) Халмамедов ат. Бірінші Халықаралық конкурстың Бірінші сыйлық иесі атанды.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора