Әсемқұлов Таласбек

Әдебиет

01.08.1955, Шығыс Қазақстан обл. – 23.09.2014, Алматы

Жазушы, кинодраматург, күйші.

«Талтүс» романында автордың күй тарихы, ұлт өмірі мен дүниетанымы жөніндегі кесек тұжырымдамасы бейнеленген. Шығарма жанрлық тұрғыдан ғұмырнамалық туынды саналады. Оның бас кейіпкері  Әжігерей – автордың өзі. Күй өнерінің құдыреті, қазақтың өзгермеген байырғы болмыс-бітімі, өнерге деген ерекше ықыласы, далалық дүниетаным, көшпелі өмірдің өтіп бара жатқан дәуірі, дәстүрлі мәдениет – бәрі-бәрі көркем шығармаға арқау болады. Автор ұзақ жыл бойы кеңестік тұрпайы саясатты, қасаң идеологияны қабылдай алмай келіп, ел тәуелсіздік алған заманда сол дәуірге деген іштегі бар қарсылықты, ыза мен кекті шығармасы арқылы жеткізгендей болады. Романда тірі пенденің өткен өз өмірін, жастық шағын аңсау бар. Сонымен бірге тұтас бір ұлттың көшіп кеткен, қайтып оралмайтын байырғы мәдениетін, көшпелі өмірін, таза тірлігін сағыну сезіледі.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Роман «Талтүс»    
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.