Асқаров Әлібек

Әдебиет

21.01.1951,

Шығыс Қазақстан обл.

Жазушы,

қоғам қайраткері

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері

«Социализм әңгімелері».

Әңгімелер

Әлібек Асқаров – бүгінгі әдебиетіміздің белгілі өкілі, қоғам қайраткері.

Жазушының соны тәсіл, тың өрнектермен өрілген шығармалары - эстетикалық тұрғыдан әсерлі, көркемдік деңгейі биік дүниелер. Сондай-ақ ол шығармалар образ сомдаудағы өзіндік тәсілмен, бояуының қанықтығымен, табиғатты суреттеудегі нәзік нақыштарымен дараланады. Қаламгердің әрбір шығармасы тылсым табиғатқа, туған жерге, ауыл адамдарына деген сүйіспеншілікке, жүрек жылуына толы.

Әлібек Асқаровтың шығармашылығында жаңашылдық басым. Оның өр Алтайдың биігінен басталған жазушылық жолында «Социализм әңгімелерінің» де алар орны ерекше. Автор кеңес заманын суреттей отырып, шебер баяндаулар мен жаңаша пайымдаулар арқылы оқырманға ой салады. Жазушының бұл кітабына замана белесіндегі қоғам мен адам арақатынасын арқау еткен әңгімелері еніп отыр.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора