Әскербекқызы Жанат

Әдебиет

01.01.1966, Шығыс Қазақстан обл.

Ақын, Әдебиеттанушы

«Қаз қанатындағы ғұмыр» өлеңдер жинағына енген жырларға жалаң баяндау, жалпылама өсиет, уағыз айту жат. Шағын ғана өлеңде адам тағдыры, шынайы өмір арпалысы бар. Ақын фольклорлық персонажды қатыстыра отырып, лирикалық кейіпкердің сезім иірімдеріне бойлап, жұмыр басты пенденің, әйелдің тағдырын сәтті көрсете білген. Жанат Әскербекқызы – өлең өлкесіне өзіндік өрнегімен келген ақын. Ғылым мен поэзияның қос тізгінін тең ұстап жүрген ақынның жырлары «тас бұлақтың суындай сылдырлаған келісімнен» тұрады. Ол сөз арасын бөтен сөзбен былғамайтын сауатты ақын. Адамның жан-дүниесін, түйсік-танымын тылсым әлем сырларымен астастыра жырлайтын өлеңдері арқылы қалың оқырманның жүрегіне жол таба білді. Ақынның қаламынан туған бұл қатардағы әрбір туынды көне заманмен сырласып, жаңамен жалғасып жатқан, қазақ жырына қосылған нағыз көңіл-күй, сезім лирикасы. Ол - қазіргі қазақ поэзиясының көркемдік көкжиегін өзіндік ізденістерімен кеңіте білген дарын.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихотворений «Қаз қанатындағы ғұмыр»  
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.