Бабаш Бақытгүл

Әдебиет

17.02.1981, Атырау обл.

Ақын, журналист.

«Бақыт гүлі» өлеңдер жинағына енген өлеңдерде көңіл күй  көріністері мен табиғаттың тылсым құбылыстарының ішкі үйлесімдік үндестігі бар. Ақ параққа жыр төккен ақын өмір шындығын тануға талпыныс жасайды. Бақытгүлдің нəзіктікке толы өлеңдерінде қазақ қызының арман-аңсары, үміт-сенімі, қылаусыз сезімі əдемі өрнектелген. Сайын даланың самал желіндей сағыныш симфониясын сезіндіретін өлеңдер мен балладалар оқырманын поэзия патшалығына жетелеп, сөз құдіретін ұғындыруымен құнды. Бақытгүл шығармашылығының негізі  - махаббат тақырыбы. Әйелдің ашылмайтын құпия махаббатының жұмбағын, тылсымын жырға қосады. Үнемі жалғыздықпен бетпе-бетпен кездесіп, өзінің жан-дүниесімен сырласады. Өлеңдері шынайылығымен, мөлдірлігімен маңызды.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • «Бақыт гүлі» Сборник стихотворений