Бақтыгереева Ақұштап

Әдебиет

23.08.1944, Батыс Қазақстан обл.

Ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері

«Ақ шағала» өлеңдер жинағы - шығармашылық ізденістегі ақынның жаңа дәуірдегі үні. Қазақ қыздарының ибалы мінезін, өмір шуағы мен мейірім нұрын төккен аяулы аналарымыздың сом бейнесін жаңа бір қырынан көмкерудегі көркемдік, туған жерге деген ғажайып сүйіспеншілік құдыретінің психологиялық айшықтары көңіл толқынын дөп басады. Ұлттық рухани құндылықтар, тұрақты архетиптер негізіндегі этнографиялық өлеңдерін ғибратты ойларымен түйіндеп отырады. Ақұштап Бақтыгереева – лирикалық қаһарманның жан-сезім сырларын әсемдікпен жырлауда өзіндік өрнек салған ақын. «Өрімтал», «Наз», «Қуанышым, іңкәрім», «Сені ойлаймын», «Аққанат», «Бақыт әні», «Жайық қызы», «Ақжелең», «Сүмбіле» жыр жинақтарымен ұлттық поэзияда сыршылдықты дамытты.  

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Ақ шағала» 
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.