Бердібай Рахманқұл

Әдебиет

02.12.1927, Оңтүстік Қазақстан обл. –

03.04.2012, Түркістан

 

Әдебиеттанушы,

фольклортанушы,

түркітанушы

 

Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері

«Байкалдан Балқанға дейін».

Зерттеу

Рахманқұл Бердібай – ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ көркемдік ойының адал  сыншысы да, ақ тілекті сақшысы да болған үлкен ғалым.  Зерттеулеріндегі ғылыми тұжырымдар бүгінгі күннің талабына да жауап бере алады.  Ғалымның  жиырмаға жуық монографиялық зерттеулерінде эпос әлемі, қазақ романының теориялық мәселелері, түркілік ортақ мұра т.б. әдебиеттің өзекті мәселелері зерттеуде соны тұжырымдар жасайды.

«Гүлістанның бұлбұлдары» атты зерттеуден “Байқалдан Балқанға дейін” атты  жинағына дейін түрік халықтарының туыстығын, мәдени-тілдік ықпалдастықты, ортақ негіздерді қарастырды.

 «Байкалдан Балқанға дейін» - түрік халықтарының бірлігі мен тұтастығын айғақтайтын елеулі ғылыми жоба. Мұнда акдемик ортақ халық қазынасын ұрпақ кәдесіне жаратуды ұсынды. Қазан қаласын Иван Грозныйдың отарлауынан басталатын бүкіл түрік жұртының қаралы тарихын жас ұрпаққа осы кітап арқылы танытты. «Көзқамандар» деген қоғамдық дерттің сырын ұқтырды. Үлкен өркениетті елдің жұрнағы ноғайлар трагедиясы да жүректі шымырлатқандай. Ол қасырет ешуақытта жазылмасы анық. Ғалым осы қасыретті енді өз ұлтымыз тартпаса екен деген ащы шындықты  ел азаматтарының жүрегіне жеткізгісі келді Жақұт жерінің тұрғындары – сахамен түбі бір туыстығымыздың қат-қабатын қалың жұрт осы кітап арқылы  танып білді.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Зерттеу «Байкалдан Балқанға дейін»