Дәдебаев Жанғара

Әдебиет

15.11.1948, Жамбыл обл.

әдебиеттанушы,мәдениеттанушы

 

«Өмір шындығы және көркемдік шешім».

Зерттеу

Жаңғара Дәдебаев – қазақ әдебиеттануы мен руханияттану саласының көрнекті өкілі. Оның әуезовтануға, мұстафинтануға және әдеби өлкетануға қосқан үлесі айрықша. Оның «Өмір шындығы және көркемдік шешім» атты зерттеу кітабы Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында тұлға және тарих, қаламгер және шығармашылық мәселесін ғылыми талапқа сай қараудың елеулі жолын көрсетті.

Автор айрықша тұлғаның әдеби ізденісі, қабілеті арқылы ұлт өміріндегі нақты құбылыстардың, болған уақиғалардың, адамдар қатынасының көркем шығармашылықтағы көрінісін, бейнесін қарастырды. Тарих пен халық тағдырының шынайы болмысын байыптау өткеннің сипатын айқындауға жол ашатынын дәлелдейді. Әдеби шығармада тарихи шындық - көркемдік бейнелеу тәсілмен берілетін өмір шындығы, нақты айтсақ, көркемдік шындық екенін зерттеуші классик туындылары арқылы таразылайды. Сонымен бірге ғалым жазушының дәуір сұлбасын айқындаудағы мән-мазмұн қағидатын, оқиғаларды жүйелеу талғамын, кейіпкерлер әлемін, тіл айнасы мен көркем бейне үйлесімін шеберлік аясында саралайды.

Әдебиеттанушы сала алдындағы міндетті де көрсетеді. Ол - көркем әдебиеттің шығармашылық әдісін, ол әдістің жаңа ұстаным-қағидаларын елдің асыл мұратына, ұлттың рухани құндылықтарына сай анықтау.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Исследование «Өмір шындығы және көркемдік шешім»