Дәлейұлы Ұларбек

Әдебиет

26.01.1980, Алтай аймағы

Ақын

Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері

«Қанымдағы қасқыр исі» өлеңдер жинағы - тұңғыш кітаптың бас атауын иеленген өлеңде «Қанымдағы қасқыр иісі» - ақын қасқыр-адам образын бейнелей отырып, қазақ үшін киелі саналған аң төресі – қасқыр ұғымына тереңірек үңілуге, қыры мен сырын жақсы білуге ұмтылдырады.  Тамыры тереңге жжайылған тарихтың әрбір бөлшегін жанымен сезініп, жырына арқау еткен ақынның өлеңдерінен нағыз қазақы болмыстың бейнесі көрінеді. Туған елге деген сағынышы кестеленген өлеңдерінің өзінен азат үні жар салардай. Ұларбек Дәлейұлы – қазіргі қазақ поэзиясында өр рухымен, өткір тілімен, адуынды айбаты мен тік мінезімен дараланатын ақындардың бірі. Талантты ақынның жыраулар поэзиясынан бастау алған, шығыс шайырларынан тамыр тартқан, түркілік сарынмен, дүние таныммен астасқан өршіл де ойлы өлеңдері жүрек түкпіріндегі сезім пернелерін дәл басары анық. Жүрек сөзін сол қалпы қағазға түсіретін Ұларбек Дәлейұлының шығармашылығынан бүгінге дейінгі қазақ поэзиясының арналарын тоғыстырып, өз арнасын тапқандай.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • «Қанымдағы қасқыр исі» Сборник стихов