Егеубаев Асқар Құрмашұлы

Әдебиет

06.03.1950, Шығыс Қазақстан обл. – 08.10.2006, Алматы

 

 

Түркітанушы, ақын, аудармашы

 

Халықаралық Махамбет сыйлығының лауреаты

«Кісілік кітабы».ғылыми эссе

Асқар Егеубаев – ақындығымен қоса әдебиет және мәдениет тарихының байырғы мұраларын аударған танымал ғалым. Ол Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» және Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-түрк» шығармаларын түпнұсқадан ауытқымай, қазақ түсінігіне сай, шұрайлы әдеби тілмен аударып шықты. Аудармалар негізінде «Кісілік кітабы» атты ғылыми-зерттеу еңбегін жазады.

Зерттеуде ғалым ежелгі әдеби мұралар мен қазіргі әдебиет бітімінен поэтикалық дәстүр жалғастығы мен жаңғыру жолдарын іздейді. Көне түркі тілінде жазылған рухани мұралардың табиғатына үңілгенде олардың жеке дара жаратылмай тұтас бір имандылық, адамгершілік, ізгілік пен махаббат аясында туындағанын анықтайды. Орта ғасырлық авторлар  шығармаларының қазіргі қоғамды тәрбиелеу, ел басқару, адамгершілік пен имандылықты насихаттаудағы орнына ерекше тоқталады. 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Научное эссе «Кісілік кітабы»