Елгезек Ақберен

Әдебиет

24.01.1980, Алматы

Ақын, журналист

«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

«Шексіздік сыртындағы шам» өлеңдер жинағына ақынның белгілі шығармалары мен кейінгі екі жылда жазылған жаңа өлеңдері енгізіліп отыр.  Өлеңдерінде өмірдің екі жағы - ақ пен қарасы айқасқан ақынның философиялық толғамдары, өмірден түйгендері, ақындық болмысы мен азаматтық ұстанымы өлеңдерінен айқын сезіледі. Ақберен Елгезек – жаңа ғасырдың жаңашыл ақыны ретінде танылған талант. Қазақ поэзиясы әлеміне ерекше өрнек, бөлек ой алып келген ақын. Ақбереннің жырлары «еліктеу мен солықтауға» көп ұрынбаған, тез өсіп, жылдам жетілген туындылар. Бойындағы талантымен бірге көп оқып, ақындықтың ауылына үлкен дайындықпен келген ақын. Ақберен «модернизм», «постмодернизм» деген қазақ рухына, қазақы дүние­танымға әлі жат елесті қумайды. Оның шығармашылығынан қазақы рух, қазақтың өлең өрнегі менмұндалап тұрады. Яғни, өлең өлкесінен Ақберендік өң-түс, үлгі-пошым, ою-өрнекті бірден тануға болады. Ақберен Елгезек қалың оқырман жылы қабылдаған қаламгерлердің бірі.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Көлеңкелер күбірі»