Есенберлин Ілияс

Әдебиет

10.01.1915, Атбасар – 05.10.1983, Алматы

жазушы, қоғам қайраткері, майдангер

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының иегері

«Көшпенділер». Трилогия

Ілияс Есенберлин – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихи роман жанрына айрықша үлес қосқан қаламгер. Оның «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты трилогиясы «Көшпенділер» атты ортақ тақырыппен халық арасына кең тарап, тарихи сананың оянуына, қазақ хандығы дәуірін көркем жаңғыртуға зор ықпал етті. Трилогияда ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақтың мемлекеттікті нығайту мен Отанды қорғау, отаршылдыққа мойынсұнбау жолындағы күресі суреттелген. Аса қиын да жауапты сәттердегі Қазақ елінің бірлік, билік, дәстүр, дүниетаным, парасат құбылысы, тағылымы жазбаша, ауызша деректерге, шежірелерге, аңыз-әпсаналарға негізделіп сипатталады. Ұлт тарихындағы хан-сұлтандардың, би-батырлардың, абыз-ақсақалдардың, дана халықтың көркем тұлғасы сомдалады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • «Көшпенділер». Трилогиясы
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.