Ибраев Шәкір Шәкімшәріпұлы

Әдебиет

31.12.1950, Қызылорда обл.

 

 

фольклортанушы,

түркітанушы

 

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Эпос әлемі».Зерттеу

 

Шәкір Ибраев – қазақ фольклортануы мен түркітану саласының көрнекті өкілі. Мәскеу Шығыстану институтының ғылыми мектебінен өтіп, батырлық эпос поэтикасы туралы толымды зерттеулер жүргізді. Қазақстанда тұңғыш рет ашылған Түркі академиясының ұйымдастырушы-директоры. Оның «Эпос әлемі» атты зерттеу кітабы Тәуелсіздік кезеңіндегі ұлт фольклортануының жаңа арнасын ашты.

Ғалым қазақтың батырлық эпосын фольклортануда алғаш рет көшпелі қоғамның әлеуметтік-тарихи шындығы контексінде кешенді түрде қарастырды. Батырлар туралы ертегілер мен архаикалық және қаһармандық эпостардың жанрлық сабақтастығын эпикалық дәстүр эволюциясы аясында талдады. Эпостың мифтік, қаһармандық, ертегілік сипаттарын айқындады. Диахрондық аспекте қаһармандық эпос поэтикасының дамуын бағамдады.

Эпостардағы түрлі уақыт аясын (орындаушы мен тыңдаушы уақыты, сюжет уақыты, эпикалық дәуір) байыптауда да автор өрелі ой айтты. Эпикалық уақыт контексінде эпостарды циклдеу қағидатына байланысты да елеулі тұжырымдар жасады. Эпикалық кеңістік поэтикасы да қазақ фольклортануында алғаш рет сөз болды.

 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Исследование «Эпос әлемі»