Иманғазина Бибігүл

Әдебиет

24.12.1942, Ақтөбе обл.

Жазушы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Тауқымет» романында тағдыр жүгі мен адам баласының басынан кешкен, кешетін қиыншылықтары суреттеледі. Көркем шығармада бүгінгі өмірдің шынайы бейнесі, ащы шындығы, сонымен қатар адам мінезінің қайсарлығы бейнеленеді. Ауылдан қалаға арман қуып жеткен бас кейіпкер Маржанға тағдыры оңай тимей, жазатайым мүгедек халге түседі. Болған іске болаттай боп, тәубе мен шүкірге тоқтаған қайратты қыз денсаулығын оңалтуды аңсайды. Жақсы ниетпен талай жерге қаралады. Алайда мүгедектік маңдайына жазған болып шығады. Тағдырдың тауқыметін тарта жүріп, жазғанға мойымаған Маржан ұл мен қыз тәрбиелеп өсіреді. Қандай қиындыққа тап болса да, бәріне шыдауға, қарсы тұруға, қайсарлық танытуға үйренеді. Шығармада жеке бір тағдыр ғана суреттелмейді, сонымен қатар қаншама қазақ қызының өмірі баяндалады. Тәрбиелік мәні жоғары романның оқиғасы шынайы, мағынасы терең. 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Роман «Тауқымет»       
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.