Иран-Ғайып (Оразбаев Иранбек Әбітайұлы)

Әдебиет

07.06.1947, Қызылорда обл.

Ақын, драматург

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 

«Қорқыттың көрі» өлеңдер жинағығы сан алуан тақырыптардағы поэзиясында адам мен қоғам, тұлға мен тобыр арақатынасы, өнер табиғаты мен сұлулық үйлесімі, адам жанының терең қатпарлы сезім әлемі жырланады. Ақын өлеңінің әлеуеті тарихи таныммен, рухани намыспен іргелене түскен.Иран-Ғайып - қазақ поэзиясының көркемдік-эстетикалық жүйесінің өркендеуіне ерекше үлес қосып жүрген өзіндік стилге ие ақын. «Жүрек жырлайды», «Түннің көзі», «Өмірөлең», «Дүниежарық», «Иран бағы», «Жыр әлемі» жинақтары ақындық қуаттағы шеберлігін танытады. «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен  таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары», «Желжуан», «Құдай қарғағандар»,  «Жамбылдың қызыл жолбарысы», «Негізгі шаруа», «Қанына тартқан қыңырлар», «Алтын адам», «Алтын ажал»,  «Киелі күнә», «Хан-Абылай-Сабалақ», «Жәбек-шаған», «Гүл-Нәр», «Театр романы», «Мауглидің  оралуы», «Махамбет», «Қашғария», «Былыққа батқан қала», «Керкеткен» драмалық дастандарымен қоғам дамуының күрделі де қайшылықты мәселелеріне көркемдік танымдағы ойшылдықпен бойлады.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Қорқыттың көрі» 
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.