Кәкішұлы Тұрсынбек

Әдебиет

15.08.1927 – 08.09.2015

Ақмола обл.

 

 

Әдебиеттаушы,

сыншы

«Мағжан-Сәкен». Ғылыми эссе

Профессор Тұрсынбек Кәкішұлы ұлттық әдебиеттану мен сын саласына сүбелі үлес қосты («Сәкен Сейфуллин», «Қазақ әдебиеті сынының тарихы», «Оңаша отау»,  «Садақ», «Сәбең әлемі», «Мағжан-Сәкен» т.б.).

«Мағжан-Сәкен» ғылыми эссесінде (1999; 2016) қазақ әдебиетіндегі танымал тұлғалар - Мағжан мен Сәкеннің өмірі мен шығармашылығы, қарым-қатнасы, адами-ақындық һәм пенделік көріністері кең түрде қарастырылады. Мұрағат материалдары, әдеби-тарихи деректер,естелік жазбалар мен хат сырларына кең орын беріледі. Бұл жайлар, әсіресе Алаш әлемі мен мұраты,кеңестік кезең құбылысы, қоғамдық-әлеуметтік ахуал, мәдени-рухани арналар, ұлттық сөз өнерінің жалпы мәселелерімен байланыста беріледі. Бастысы қазақ әдебиетіндегі айрықша тұлғалар -Мағжан мен Сәкеннің өмірі мен өнерпаздық қырлары, адами әлемі мен ақындық қуаты, өз ара қарым-қатнасы мен пенделік сипаттары кең түрде ашылады. Өмірбаяндық өрнектер, ақындық жолдағы ұстанымдары мен қайшылықты тұстары, ел әдебиетіндегі орын-үлестері кеше мен бүгін байланыстары арқылы салыстырыла сөз етіледі. Автордың баяндау мәнері,салыстыру-салғастыру сипаттары, танып-талдау жолдары да назар аудартады. Кезең көріністері, замандас-тұстас ақын-жазушылар шығармашылығы, әр алуан дереккөздері жүйелі берілгендіктен де әдеби мәні, ғылыми құндылығы, тағылымдық сипаты жоғары.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора