Қарағызұлы Бауыржан

Әдебиет

17.10.1982 жыл, Моңғолия.

Ақын, журналист, 

«Жүрек кітабы» өлеңдер жинағы енген жыр жауһарлары  кез келген адамның жүрегіне жол тауып, бей-жай қалдырмасы анық. Жалпы, интеллектуалды қазақ поэзиясының танымал өкілі Бауыржан Қарағызұлы – әдебиет әлеміне өз дауысымен, өзгеше қолтаңбасымен, ерекшелігімен келген талантты ақын. «Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң. Мен. Түс», «Топырық демі» (қырғыз тілінде) атты жыр-кітаптарының авторы жаңа кітабында терең философиялық ойларға құрылған өлеңдер топтамасын оқырман назарына ұсынып отыр. Бауыржанның өлеңдеріне ғаламның тылсым сырларының тілін тауып, ақындық болмысымен сезінген ақындық күйдің көрінісі тән. Оның көктен сорғалаған нөсердей жырлары оқырманды тереңге тартып, рухын асқақтатады. Өлеңдері ұлттық бояуға бай, жыраулық сарынмен үндесіп, қазақы таныммен құйылып түскен қорғасындай.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Жүрек кітабы»