Қасқабасов Сейіт Асқарұлы

Әдебиет

Сейіт Қасқабасов – қазақ фольклортану, әдебиеттану саласына айрықша үлес қосқан тұлға. Академиктің «Қазақтың халық прозасы», «Жаназық», «Қазақ фольклоры», «Жамбыл», «Ойөріс», «Алтын жылға» деген монографиялары халық арасында кең тарап, ғылыми ортада жоғары бағаланды.

“Жаназық” еңбегінде ертегі мен эпос, аңыз бен әпсана, миф пен хикая, өлең мен мақал-мәтелді зерттеген ғылыми еңбекте мәдени мұраларымыздың мән-маңызы, рухани жаңғырудағы рөлі, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі орны сараланады.

Монографияда бүгінгі әдебиетімізге негіз болған прозалық фольклор туралы еңбектер мен профессионалды өнерімізге тұғыр болған халық мұрасы жайындағы зерттеулер енген. Зерттеуде фольклор жаңаша көзқарас тұрғысынан жүйеленіп, оның дүниетанымдық қызметі, әдебиетпен байланысы, жанрлық түрлері жан-жақты қарастырылады. Фольклордың даму тарихы мен теориясына, поэтикасы мен текстологиясына, жалпы типологиясына қатысты мәселелер қамтылып, жекелеген жанрлар мен шығармалар жаңаша зерделенген.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  •  Монография «Жаназық»