Құлахмет Ғабиден

Әдебиет

14.04.1955, Шығыс Қазақстан обл. – 2006, Алматы

Жазушы, қоғам қайраткері

Халықаралық  «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

«Үйірі жоқ көкжал»  (2001) – қазақ әдебиетіндегі кесек туындылардың бірі. Романда нарық заманына орай қоғам өмірінде белең ала бастаған қиянат пен оспадарлық, соған сай тастары өрге дөңгелеген әккі алаяқтар мен ашкөз жемқорлардың жымысқы іс-әрекеттері шынайы суреттелген. Ел үстінен күн көріп, ардан безген аярлықтарымен байлық пен мансапқа қол жеткізген сырты жылтыр, іші түтін зиялысымақ кәсіпкерлердің қулығына құрық бойламайтын арамзалықтары реалистік сипатта көрініс тапқан. Ғабиден Құлахмет – қазақ әдебиетінің көркемдік дамуына мол үлес қосқан қаламгер. Сөз өнеріндегі алғашқы шығармашылық қадамдарын өлеңмен бастап, «Көзімнің қарасы», «Ақ бастау» жыр жинақтарымен поэзиямызға ұлттық нақыш дарытты. «Ұрпағың үзілмесін», «Ердің сыны», «Жалғыз бөлтірік», «Серінің соңғы сәлемі» хикаяларымен қазақ прозасын жанрлық тұрғыдан байытты.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Роман «Үйірі жоқ көкжал» 
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.