Құлкенов Мереке

Әдебиет

08.11.1951, Атырау обл.

Жазушы,журналист, баспагер

Президент сыйлығының лауреаты

«Жібек жел».

Әңгімелер. Толғаулар

 

Мереке Құлкенов – қазақ прозасы, журналистикасы, баспа ісі саласында елеулі еңбек сіңірген қаламгер.

Жазушы “Жібек жел” жинағына енген шығармаларына тән басты ерекшелік - нәзік лиризм мен психологизмді астастыра отырып, адам бойындағы ізгі қасиеттерді бейнелеу. Өмірдегі қым-қиғаш тартыстар жүйесі қаламгер туындыларында кейіпкерлер әрекеті арқылы жан-жақты ашылып, мақсат пен мұрат, өмірлік қағида танытылады.

Жинақтағы адамгершілік мұрат пен имандылық иірімдерін кестелі тіл, шынайы сезіммен өрнектеген әңгімелер мен жаһандану заманындағы қоғамдық құлық туралы толғанған журналистік жазбалар Тәуелсіздік заман оқырмандарына елеулі ой салды.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора