Мағауин Мұхтар

Әдебиет

02.02.1940, Семей

Жазушы, ғалым

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әдебиетке ХХ ғасырдың 60-шы жылдары келіп, көркемдік дамуға айтулы үлес қосқан топтың қатарындағы аса дарынды қаламгердің бірі – Мұхтар Мағауин. Табиғи талантына қоса жан-жақты біліммен қаруланған жазушының  шығармаларында ұлт тарихы мен тағдыры, түрлі әлеуметтік қайшылықтар психологиялық-философиялық тереңдікпен көркем бейнеленген. Жазушының «Аласапыран» тарихи дилогиясында қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан   суреттеледі. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы  қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Повесть «Чингиз хан» 

  • Повесть «Жармақ»