Молдағалиев Тұманбай

Әдебиет

20.03.1935, Алматы обл. – 10.10.2011, Алматы

Ақын

ҚР Абай атындағы Мемлекттік сыйлығының иегері,

Халықаралық Физули сыйлығының иегері

«Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы. 80-жылдары оқырман тарапынан жақсы қабылданып, Тәуелсіздіктің көркем қазынасына енді. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы – адамның рухани дүниесімен астасқан гуманистік, адамгершілік мұраттар. Шығармалары халықтың ең ізгі ойымен, арманымен астасып жатқан Тұманбай ақын үміт, күйіну, сүйіну, өкініш т.б. сезім күйлерін ерекше тебіреніспен өлеңге айналдыра біледі. Туған елінің өнерінен еркін сусындап, бойындағы бар асылын жұртына қалтқысыз берген оның тағдыры – азаттықты аңсаған, адалдықты түйсінген бақытты тағдыр. Ақынның ақындық сыры шынайы адамдық қылықтарға, шығармашыл адамға лайық сезім шыншылдығына, терең астарлы ойға құрылған. Өлең жолында игілікті еңбек еткен ақынның жырларында адам мен табиғат алма-кезек шаттанып, күйзеліп, мұңайып, ойланып тұрғандай күйде болады. 

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Жүректегі жазулар»
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.