Мүбәрәк Бағдат

Әдебиет

17.02.1978, Қарағанды обл.

Ақын

«Алтынкүрек» өлеңдер жинағына енген өлеңдерінде махаббат, сүйіспеншілік, жыл мезгілдері, туған жер мен өскен өлке табиғаты, өнер адамының жан толқынысы мен тебіренісі, ақындық сезімнің көңіл толқыны жырланады.  Ақын өлеңдерінде ізденісінің шыңдала бастағаны, кемелдікке ұмтылысы, жаңа өлшем-өрнектер табуға талпынысы байқалады. Ол табиғи дарынымен поэзияның ырғақтық-интонациялық байлығын молынан игеріп, өлең өрнегін байытып, дамытуға талаптанған. Оның ел мен жер тарихы, ұлт тағдыры, адасқанның бұралаң жолы, ақын  сезім әлеуеті т.б. тақырыптағы жырлары оқырманға ой салады. Бағдат Мүбәрәктің   «Құсни хат» атты жыр жинағы да қалың оқырманның ықыласына бөленген.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Сборник стихов «Алтынкүрек»