Мұқай Баққожа

Әдебиет

31.01.1948, Алматы обл. – 06.01.2008, Алматы

Жазушы,

драматург

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Өмірзая» романына ұлтының ұяты, намысы, тағдыр-талайы үшін шыбын жаны шырқырап, әділетсіздікке қарсы күрескен оқымысты жігіттің аянышты өмірі арқау болған. Күні кеше ғана ерекше дәріптелген кеңестік қоғамдағы сорақы жағдайлар, компартия идеологиясының шағын ұлттарға жасаған қиянаты романда айқын көркемдік шешім тапқан. Шығарманың басты кейіпкері Аяған Қуатұлы ұлтының намысын жыртқаны үшін кеңестік жүйенің барлық қиянатын көреді. Қайсар жігітті сындыра алмаған өктем күш ақыры оны өлтіріп тынады. Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – кешегі күннің көркем шындығы, кеңестік кезеңдегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы алғаш жазылған шығарма.

Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора

  • Роман «Өмірзая»      
Үміткерлерге дауыс бермес бұрын тіркелу керек.
Дауыс беру барысында Google, Yandex, Mail.ru электронды пошталарын пайдалануға болады.
Электронды поштаңызды енгізіңіз. Нұсқаулық поштаңызға келеді.